Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында карантин режимі енгізілгендіктен, жастар тойын онлайн өткізе бастады, деп хабарлады City04.kz
Телеарна мәліметінше, елімізде алғаш рет ата-анасынан бейнеқоңырау арқылы ақ батасын алып, некесін онлайн қиған Азамат пен Әсел неке қию рәсімін Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамына орай жоспарлаған. Құдалық пен ұзату, неке қию Арыс қаласында 22 наурызда өтуі тиіс болған екен.