18+

Ақтөбеде медициналық маскаларды заңсыз сатқан азамат ұсталды

Ақтөбеде 9 500 медициналық маскаларды заңсыз өткізбекші болған азамат анықталды деп хабарлайды City04.kz

Кінәлі тұлға «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 463-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оған 15 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, медициналық маскалар мемлекет кірісіне тәркіленді.

Ақтөбе облысының прокуратурасы Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіруде.


.

Осы бағыттағы басқа да жұмыстар жалғасуда.