Әлеуметтік желілерде Ақтөбедегі сауда желілерінде азық-түлік сөрелерінің бос қалғаны туралы суреттер жалған екені анықталды деп хабарлайды City04.kz тілшісі.
Сауда желілеріне келетін Ақтөбе тұрғындарының ұн, шекер және жарма өнімдері секілді тауарларға сұраныс артқаны байқалады.
Сонымен қатар, "Анвар" сауда желісінің барлық есепшілері медициналық бетперделер таққандары байқалды. Cауда желісінің директоры қызметкерлерге коронавирустың алдын-алуға ешқандай нұсқаулықтар болмағанын және бетперделерді қызметкерлер өз еріктерімен таққанын айта өтті.
Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ажниязов Русланның айтуынша, Қытайдан Ақтөбеге азық-түлік өнімдері келмеуде. Және де алғаш Қытайда коронавирус анықталғаннан бері тоқтатылғанын айта өтті.
Жалпы Ақтөбеге күріш Қызылорда облысынан, шекер Алматы облысы немесе Тараз қаласынан жеткізіледі.
Қордағы азық-түлік: картоп-1074 тонна, сәбіз-59,6 тонн, жуа-147,5 тонн, орамжапырақ-80,5 тонн, күнбағыс майы- 72,1 мың бөтелке.
Айта өтсек, Ақтөбе қаласы бойынша 21 сауда нүктесі бар. Оның үшеуі әлеуметтік павильондар, қалғандары шағын базарлар.
Тұрақтандыру қорындағы бағалар: сәбіз-70 теңге, орамжапырақ-75 теңге, жуа-55 теңге, картоп- 70 теңге, қызынақ- 95 теңге,күріш-260 теңге, күнбағыс майы-300 теңге, шекер-170 теңге, тұз-40 теңге.