18+

Ақтөбеде тек екі бағыт бойынша пойыздар қатынайтын болады

Ақтөбеде төтенше жағдайға байланысты тек қана екі бағыт бойынша пойыздар қатынайтын болды. Қалған бағыттар тоқтатылды деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Шектеу қойылмаған рейс қатарында «Ақтөбе-Шу», «Ақтөбе-Атырау» бағыты бар. «Ақтөбе-Атырау»пойызы екі күн сайын қатынамақшы.

- Ақтөбе теміржол вокзалында санитарлық карантин пункті бар. Пойыздар қалаға келген бойда жолаушылардан сауалнама алынады. Егер де жолаушылардың дене қызуы болса бірден изоляторға жіберіліп, жедел-жәрдем шақыртылады,- деді Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Ертең қалаға "Ақтөбе-Маңғышлақ" пойызы келуі тиіс.

Айта кету керек, облыста әуе қатынастары тоқтатылатын болады.

Новости компаний
16:00, 2 октября