30 наурыз, дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин енгізілген ТЖ байланысты Ақтөбе өңіріне кіріп-шығуды тәулік бойы қадағалау үшін ашылған бекеттердің жай-күйімен танысты деп хабарлайды City04.kz.
Ақтөбе облысының аймағынан жалпы 7 жерге блок посттар қойылды. Олар: «Самара-Шымкент» тас жолы бойларындағы Хромтау бағытының – 776 шақырымында орналасқан Белогорка, және Қобда бағытының 710 шақырымына қойылған Құршасай бекеттері, «Ақтөбе-Мәртөк-Орынбор»– 16 шақырым Құрайлы, «Ақтөбе-Атырау» Алға бағытының 12 шақырымы, «Актобе-Орск-шекарасы РФ» Орск бағытының – 20 шм, «Солтүстік айналма жолы», «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқудык».
Аймақ басшысы «Самара-Шымкент» тас жолы бойларындағы Хромтау бағытындағы Белогорка, және Қобда бағытындағы Құршасай бекеттерінің жағдайын бақылады. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев тәртіп сақшыларының жатын орындарын көрсетіп, азық-түлікпен қамтылуларымен таныстырды. Әр бекетке полиция, медицина қызметкерлері мен № 30238 әскери бөлімінде борышын өтеушілер жалпы 127 азамат жұмыс жасауға бекітілген. Аталған блок посттар азаматтардың қызуын өлшеуге арналған құралдармен және көліктерге жасалатын залалсыздандыру құрылғыларымен қамтамасыз етілген.