Ақтөбе облысында ерлі-зайыптылардан короновирустық инфекция анықталды. Ер азамат Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан іссапардан келген деп хабарлайды City04.kz тілшісі.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында 7 адамда коронавирустық инфекция тіркеліп отыр.
Тіркелген бірінші науқас іссапардан Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан келгені анықталды. Науқас 1 сәуір күні дене қызуы көтеріліп, бір емдеу мекемесіне барған. Емдеу мекемесінен жедел-жәрдеммен провизорлық ауруханаға жеткізілген. Одан анализ алынып, нәтижесі- оң болған.
Қосымша тексеру нәтижесі бойынша, ауырған науқастың жолдасында да коронавирустық инфекция анықталған.
Кеше науқаспен байланыста болған 56 адам, оның ішінде отбасы мүшелері, әріптестері, барған емдеу мекемесінің қызметкерлері провизорлық ауруханаға алынған. Қазіргі таңда екі науқастың да жағдайы қалыпты. Екеуі де арнайы палатаға жатқызылған.