Карантин кезінде Ақтөбе қаласындағы мешіттер жабылмайды. Бірақ барлық діни рәсімдер тоқтатылды деп хабарлайды City04.kz тілшісі.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты мешіттерде барлық діни рәсімдер тоқтатылды. Дәлірек айтсақ, неке қию, құран оқыту, жұма намазды және бес уақыт намазды жамағатпен оқу, діни үгіт-насихат жұмыстары да шектелді.
Бұл орайда мешіттерде тек азан ғана айтылатынын айта өткен жөн.