Бүгінгі күні жұмысын жоғалтқан тұлғалар үшін 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем төлеу қарастырылған.
Ақтөбе облысы бойынша 42500 теңге көлемінде жәрдемақы алу үшін 30 мыңның үстінде өтініштер келіп түскен деп хабарлайды City04.kz
Жалпы Ақтөбе облысы бойынша жәрдемақыны алуға 30 мыңның үстінде өтініштер түскен. Қазіргі таңда өтініш білдірген тұрғындардың тек 11 мыңының ғана құжаттары өтіп отыр. Ал 20 мыңға жуық тұрғынның өтініштері дұрыс толтырылмауына байланысты кейін қайтарылып, өтініштері қабылданбаған. Бүгіннен бастап 11 мың тұрғынның жеке шоттарына 42500 теңге көлемінде қаражат аударылып бастады.
Егер де өтініш берген азаматтарға 7 жұмыс күнінің ішінде ешқандай жауап келмейтін болса онда өтінішті қайта толтырып, жіберу қажет.