Ақтөбе облысы бойынша 42500 теңге көлемінде жәрдемақы алуға 15912 адамнан өтініш тіркелген. Бүгінгі күні 8587 тұрғынға банктер арқылы жәрдемақы төленген. Ал 453 адамның өтініші кері қайтарылған деп хабарлайды City04.kz тілшісі.
Бұл туралы тікелей эфирдегі брифинг кезінде еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының орынбасы Нұрлан Мажитов мәлімдеді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Өтеген Үркімбаевтың айтуынша, жәрдемақы тағайындауға бас тартылған 453 адамның көпшілігі 1 жасқа дейінгі бала бағып отырғандар мен басқа да табыс көздері бар адамдар.
Мамандарға тікелей эфирде тұрғындар хабарласып, бізге 42500 теңге көлемінде жәрдемақы төленсе, төтенше жағдай аяқталған соң бұл қаражатты мемлекетке қайта қайтаруымыз керек пе деген сұрақтар қойды.
Мамандар тұрғындар тарапынан egov.kz, 42500.enbek.kz,Telegram-бот арқылы өтініш беру кезінде көптеген қателіктер кетіп жатқанын айтуда. Олардың ақпараттарды толыққанды ұсынбауларының кесірінен кейбір құжаттар кері қайтарылған. Ал кейбір азаматтар бір жолғы төлемді (есп) төлемей бірден өтініш бергендіктер жәрдемақы беру бас тартылып жатқан көрінеді.