18+

Облыс әкімі блок посттарды аралады

10 сәуір, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының шекараларына қойылған блок посттардың жай-күйін бақылады деп хабарлайды City04.kz

«Самара-Шымкент» тас жолы бойындағы Хромтау бағытындағы Белогорка және, солтүстік айналма жолындағы Ақшат бекеттеріне жұмылдырылған қызметкерлермен кездесіп, тексеру жұмыстарын көрді.

Мамандардың айтуынша, қала сыртында орналасқан елдімекен тұрғындарын арнайы рұқсатнамалармен кіргізіп шығарады.

Одан өзге транзиттік көліктер, сондай-ақ тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік, ауылшаруашылық кәсіпорындарының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған тауарлар мен материалдарды таситын көліктер, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының аумағына рұқсатнама арқылы кіргізіледі.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин көрші облыстардағы эпидемиялогиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты блок посттардығы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.