Ақтөбе облысында барлығы 402 мектеп 151 мыңнан аса оқушыны қамтып отыр. Қазіргі таңда карантин режиміне байланысты қашықтықтан оқыту ережесі бойынша облыстың барлық оқушылары толықтай білім алу жүйесімен қамтылған деп хабарлайды City04.kz
Бүгін «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ляззат Аманжолқызымен тікелей эфирде «Төтенше жағдайға байланысты облыстағы білім саласының деңгейі» тақырыбында сұқбаттасты.