18+

Мектеп оқушысының ұялы телефонын ұрлаған ақтөбелік азамат ұсталды

Ұялы телефон ұрлығының 2 фактісі ашылды деп хабарлайды City04.kz

4 сәуір күні белгісіз тұлға №24 бағыттағы автобус салонында 9 сынып оқушысы курткасының қалтасынан "Самсунг Галакси Джи-5"маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Шығын 65 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс- шараларының нәтижесінде 1977 жылы туған азаматты анықтап, ұстады.

9 наурызда белгісіз тұлға №29 бағыттағы автобустың салонында куртканың қалтасынан 1982 жылы туылған азаматтың "Самсунг Галакси Джи-2" маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Шығын 37 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері 28 жастағы азаматты анықтап, ұстады.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті қоғамдық көліктерде, дүкендерде және басқа да адамдар көп жүретін жерлерде аса мұқият болу қажеттігі туралы хабарлайды.

Ұрылардың құрбаны болмау үшін мына ережелерді білу керек:

  •  Портмоне немесе ұялы телефон киімнен шығып тұрмауы, сол арқылы өзіне назар түспеуін қадағалаңыз;
  •  Сіздің сөмкеңіз әрқашан жабық болу керек. Адам көп жерде оны өзіңіздін алдында ұстаныз;
  •  Банк картасының пин-коды жазылған жазбаларды сөмкеде ешқашан сақтамаңыз!
  •  Мүмкіндігінше тек қажет ақша сомасын өзіңізбен бірге алуға тырысыңыз. Артық ақшаны үйде қалдырыңыз.
  •  Ақшаны санаған кезде, оны қоршаған адамдар үшін елеусіз жасауға тырысыңыз.