18+

Ақтөбеде тағы 7 адамнан коронавирус анықталды

Ақтөбе облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған тағы 7 адам анықталды деп хабарлайды City04.kz тілшісі.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 25 адам тіркелген. Бұл туралы брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы мәлімдеді.

Үшеуі Ресей Федерациясынан келген ҚР азаматтары. Олардың біреуі Алматы облысының ал екінші азамат Түркістан облысының тұрғындары. Біреуі Ақтөбе облысының тұрғыны. Қазіргі таңда олар Ақтөбеде ем қабылдап жатыр.

1978 жылы туған Ақтөбе облысының азаматы РФ-дан пойызбен, одан соң Жайсаң кентіне дейін таксимен келген. 15 сәуірде дереу карантиндік стационарға жатқызылып, 16 сәуір күні КВИ-ға анализ алынып, оң нәтиже көрсеткен.

1986 жылы туған ер адам, Түркістан облысының тұрғыны 16 сәуір күні Мәскеу қаласынан таксимен келіп, Жайсаң поселкесіндегі карантиндік стационарға түскен. Жөтелі болғасын провизорлық стационарға ауыстырылып, 16 сәуірде КВИ-ға анализ алынып, оң нәтиже көрсеткен.

Қалған 4 науқас Ақтөбе облысының тұрғындары. Зерттеу нәтижесінде олар бұған дейін коронавирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған азаматтар екені анықталды.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында тіркелген 25 науқастың ішінде төртеуінің жағдайы жақсарып, үйлеріне шығарылған. Стационарда 21 науқас емін жалғастыруда.

21 науқастың ішінде біреуінің жағдайы ауыр жағдайда. Біреуінің жағдайы орташа. Ал қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық.

Қазіргі таңда ауруы анықталған Ақтөбе қаласының азаматтары облыстық жұқпалы аурулар стационарының бокс палатасына, Жайсаңдағы науқастар сол жақтағы провизорлық стационарға жатқызылды.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, гиспитальдерге оқшаулануда. Барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.