Бүгінгі танда, еліміздің әрбір азаматы (қызмет алушы) күнделікті тыныс тіршілік уақытында өзіне және өзінің отбасына қатысты түрлі анықтамалар, куәліктер, рұқсат құжаттар, жәрдемақылар және т.б. қажет ететін құжаттарды мемлекеттік мекемелерде (қызмет беруші) рәсімдейді.
Бұл ретте, қызмет алушы мен қызмет беруші арасында өзара әрекеттесу талаптары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңымен (бұдан әрі - Заң) және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен (бұдан әрі - Стандарт) іске асырылатындығын халықтын назарына жеткізу қажет.
Сәйкесінше, қызмет алушы қандайда бір қызмет түрін алар алдында, қызмет рәсімдеудің талаптық, яғни негізгі шарттарымен танысу қажет.
Жалпы қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті рәсімдеу тәртібімен танысу үшін қызмет көрсетуші мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, «E-gov» веб-порталында, мемлекеттік мекемелерінің ресми сайттарында әрбір қызмет түрлерінің стандарттары орнатылған және жарияланған.
Сондықтан, қызмет рәсімдеудің алғашқы шарттарының бірі стандарт талаптарымен танысу қажет, атап айтқанда қызмет алушы стандартта қызмет көрсету мерзіміне, ұсынылатын құжаттар тізімі және оларды тапсыру мен қызмет нәтижесін алу әдістеріне, қызмет берушінің жұмыс кестесіне, қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелеріне аса назар аудару қажет, себебі қызмет берушімен көрсетілген талаптарды бұзылған жағдайда, азаматтарға заңға сәйкес қызмет сапасына шағымдану құқығы қарастырылған.
Сонымен қатар, қызметті ақылы немесе ақысыз рәсімдеу талабымен танысу шарты да өте маңызды, себебі қызмет алушы аталған талаппен хабардар болу, жемқорлық көріністерін алдын алуға септігін тигізеді.
Бұдан бөлек, Заңда қызмет алушымен мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді талап ету инструменті қарастырылған, яғни қызмет берушіге және жоғары тұрған мемлекеттік органдарға, сонымен бірге мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органы атына шағымдар беру ерекшеліктері айқындалған.
Бұл ретте, Заңға сәйкес қызмет берушілермен аталған шағымдар бес жұмыс күн ішінде қаралуға тиіс болса, ал мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органында оң бес жұмыс күн ішінде қаралатындығы көрсетілген.
Осыған байланысты, аталған мәліметті түйіндей отырып, қызмет алушы субъектісіне жататын еліміздің әрбір азаматы өз құқықтарын іске асыру және қорғау үшін, жоғарыдағы мемлекеттік қызметті сапалы рәсімдеудің негізгі шарттарын білуге міндетті екендігін жеткіземіз.
Авторы: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Ж.Б.Ормаханов.