Кеше әлеуметтік парақшалардың тікелей эфирінде Гогольдің «Ревизор» комедиясының қысқартылған қойылымы көрсетілді деп хабарлайды City04.kz
Облысымызда белгіленген карантин режиміне байланысты қойылымды тамашалуға 30-ға жуық мемлекеттік қызметшілер жиналды.
Қойылым Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, облыстық Т. Ахтанов атындағы қазақ – драма театры және «Алақай» қуыршақ театрының қолдауымен өтті.
Гоголь бұл қойылым арқылы парақорлық, қазына мүлкін қымқыру, жағымпаздық, шенге бас ұру, ақымақтық, жалқаулық сияқты пендешіліктерді көрсетті.
Гогольдің «Ревизор» қойылымы бүгінде өз күшін жоғалтпаған. Себебі қоғам әлі де жемқорлықпен күресу жолында. Ал мемлекеттік қызметкерлерге қойылымды көрсетудің мағынасы – жемқорлықты болдырмау.
Яғни, көрермендерге ой салып, жемқорлықтың түбі қандай жағдайға әкелетінің жеткізу.