Бұл туралы «Antikor ortalygy» сервистік ғимаратында «Antikor live» жобасы аясында Ақтөбе қаласының жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ислам Ізбасқанов мәлімдеді деп хабарлайды City04.kz.
Ислам Ізбасқановтың айтуы бойынша биылғы жер беру кезегі тоқталып тұр. Келесі 2021 жылы 2009 жылы кезекке тұрған адамдардың 12500-не жер беру жоспарлануда. Сонымен қатар, эфир барысында көрермендерден комерциялық негіздегі жерлерге қатысты, қазық мәселесі бойынша және жерді рәсімдеу кезіндегі төленетін қаражаттарға қатысты сұрақтарға жауап берді.