Оның бірі Рамазан айының соңғы онкүндігінде қайтыс болған қазақ елінің журналисті марқұм Бейсен Құранбекке бағышталды, деп хабарлайды City04.kz
Ақтөбе облысы «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айымен бірге басталған Құран Кәрімді толық оқу жұма күні, 22 мамырда, өз мәресіне жетті. Алланың қасиетті кітабын бастан-аяқ оқыған ақтөбелік қари Бекжан Әлденов хатым дұғасын жасады. Барлық қызметтер онлайн режимге көшуіне байланысты қари You tube және Instagram желісі арқылы бір ай бойы күнделікті бесін намазынан кейін Құранның бір парасын оқып отырды. Еліміздегі мешіттер жабылып, тарауық намазы оқылмаса да, Құранның берекеті мен шарапаты Ақтөбе жұртына тие берсін деген ниетпен Бекжан қари Рамазан айы бойы жалғыз өзі тарауық намазында тұрып, Құранды хатым етті.