Бүкіл әлем бірыңғай ақпараттық жүйе кеңістігінде және нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. Медиасауаттылық — ақпаратты дұрыс іздеу, тексеру, анализ жасау және сыни ойлау мәдениеті. Медиасауаттылық дәл емес жаңалықтардан аулақ болуға және ағымдағы оқиғалар туралы сенімді ақпарат алуға көмектеседі. Қазіргі таңда Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен өзекті ақпараттарды baq.kz интернет-ресурсынан оқуға болады. Мұнда сіз соңғы оқиғалар туралы хабардар болуға мүмкіндік беретін бейне репортаждар мен авторлық сұхбаттарды таба аласыз.
Медиасауаттылықтың негізгі қағидалары
Канадалық ғалым Джон Пандженте медиасауаттылықтың келесі негізгі ұғымдарын анықтады:
- медиа біздің шындық сезімін қалыптастырып, нақты әлем объектілеріне деген көзқарас белгілі бір мақсаттарды көздейтін мамандар жасаған медиа хабарламалар негізінде қалыптасады;
- кез-келген медиа хабарлама белгілі бір құндылықтарды тікелей немесе жанама түрде таратады;
- медиа саяси және экономикалық жағдайға әсер етеді, әлеуметтік өзгерістерді тудырады;
- медиа бізді басқа елдерде болып жатқан оқиғалар туралы ойлануға әсер етеді.
Біз оқығанымыз туралы ойлануды жоспарламасақ та, медиа бізге не туралы ойлау керектігін еріксіз анықтайды. Әлемде күн сайын миллиондаған оқиғалар болып жатады, барлығы туралы мәлім болу мүмкін емес, сондықтан милииондаған жаңалықтарыдың оны ғана ерекшеленуі мүмкін.
Медиасауаттылықты қалай қалыптастыру керек?
Медиа ақпаратты дұрыс тұтыну бойынша жалпы ұсыныстар қарапайым. Ең алдымен, өзіңіздің дербес деректеріңізді әрқашан сенімді қорғауыңыз қажет. Сенімді құпиясөздерді, қорғалған ресурстарды пайдалану сауатты медиа тұтыну жолындағы алғашқы қадам. Белгілі бір оқиға туралы ақпаратты оқып, таныс болғанда әртүрлі дереккөздерден салыстырмалы ақпаратты алу керек. Бұл жағдайдың тұтас көрінісін қалыптастыруға көмектеседі. Осы ақпарат дереккөздерін мұқият таңдап, деректерді фактілермен, дәлелдермен көрсеткеніне көңіл бөліңіз.
Пайдаланушы әлемдегі және туған еліндегі оқиғалар туралы жаңалықтарды кез-келген уақытта қол жетімді медианы қолдана отырып оқи алады. Бұл ақпарат адамның айналасы туралы көзқарасын қалыптастырады, сонымен қатар оның дүниетанымына, тұтастай алғанда экономикалық тұрақтылыққа, саяси жағдайға айтарлықтай әсер етеді.