• Главная
  • Хромтаулықтар қысқы спорт түрлерінен спартакиада өткізді
09:44, 2 марта 2019 г.
Надежный источник

Хромтаулықтар қысқы спорт түрлерінен спартакиада өткізді

Фото из интернета

Фото из интернета

«Жастар» жылы және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай Хромтау ауданының Көктау ауылдық округінде қысқы спорт түрлерінен спартакиада өтті, деп хабарлайды City04.kz. 

Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, шараның салтанатты ашылуына қатысқан Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин спортшыларға сәттілік тілеп, барша жұрты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Сондай-ақ, аудан әкімі аймақта спортты насиxаттау мақсатында ауданның барлық ауылдарында ауқымды спорттық іс-шаралар жиі өткізіліп тұратынын атап өтті.
Шараға қатысушылар жарыс бағдарламасына енген шаңғы жарысы, биатлон, допты хоккей және қар мүсіндеу бойынша өзара бақ сынасты. Оған Хромтау қаласынан және ауданның барлық округтерінен командалар қатысып, барлығы 150-ге жуық спортшы жиналды. 
Жарыс соңында мықтылар анықталып, спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Үздіктерді облыстық спорт басқармасының бөлім басшысы Әлия Мурсалимова және аудан әкімінің орынбасары Меткүл Қосымбаева марапаттады. 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалық және жекелей сында да анықталды. Нәтижесінде, аудандық қысқы спартакиада ойындарының жеңімпаздары болып Хромтау қаласының командасы танылды. Бөгетсай ауылдық округінің командасы ІІ орынды иеленсе, Қызылсу ауылдық округінің командасы ІІІ орынды жеңіп алды.
Айта кетейік, Хромтау қаласында аталмыш спартакиада 20 жылдан кейін қайта өткізіліп отыр. Ондағы негізгі мақсат ауыл жастарының арасында бұқаралық спортты дамытып, халықтың қалың топтарын белсенді өмір салтына тарту болып табылады. 
Сондай-ақ, ұйымдастырушы мамандардың айтуы бойынша аталған спартакиада енді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі деп жоспарға енген.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...