13:07, 22 марта 2019 г.
Надежный источник

Жүзуден ашық біріншілік өтті

Жүзуден ашық біріншілік өтті

 «Достық» су спорты түрлері бойынша ОБЖСМ-де Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясында Наурыз мейрамына арналған сөткізілді, деп хабарлайды City04.kz. 

Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, бұл жарысқа су спорты мектебінің 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013 жылдары туылған 300-ден астам оқушылары қатысты. 

Аталмыш шараның мақсаты - облыс аумағында жүзуді насиxаттау және дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насиxаттау, нормативті орындау, оқушылардың теxникалық білім деңгейін тексеру.

Біріншілік бағдарламасына сәйкес бірінші күні 2010, 2011, 2012, 2013 жылдары туылған қыздар мен ер балалар 25м қашықтыққа шалқалап және еркін жүзу тәсілімен жарысты. Екінші күнінде 2010, 2011, 2012 жылы туылған оқушылар 50м қашықтыққа баттерфляй, брасс, шалқалап және еркін жүзу әдістерімен сынға түсті. Ал, жарыстың үшінші күнінде 2006, 2007 жылы туылған қатысушылар 200м қашықтыққа шалқалап, брасс, еркін жүзу, кешенді жүзу түрлерімен, 2008, 2009 жылы туылған қатысушылар 100м қашықтыққа баттерфляй, брасс, шалқалап және еркін стильде жүзу әдістерімен жарысты. Нәтижесінде барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағазы мен медальдармен марапатталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления
live comments feed...