• Главная
  • Облыста атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін 162 құжат қабылдау пункті жұмыс жасайды
09:16, 28 марта 2019 г.
Надежный источник

Облыста атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін 162 құжат қабылдау пункті жұмыс жасайды

Фото из интернета

Фото из интернета

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров мәлімдеді, деп хабарлайды City04.kz.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап аз қамтылған отбасыларға атаулы қолдау көрсету көлемі ұлғаятынын еске салып өтті.

«Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің өлшемі 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін ұлғайтылады. АӘК тағайындауда отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көп балалы отбасыларға төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталған аналарға төленетін жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша алатын мемлекеттік жәрдемақылар және стипендиялар ескерілмейді. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде (18 жасқа дейін, оқу кезінде – 23 жасқа дейін) әр балаға ай сайын 20 789 теңге төленеді», - деп атап өтті Қайрат Отаров. 

Құжаттар сәуір айынан бастап жұмыспен қамту орталықтарында, ХҚКО-да, облыстың барлық аудандары мен Ақтөбе қаласының ауылдық округтері әкімдіктерінде қабылданады. АӘК тағайындау рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді: тек жеке куәлік қажет болады.
Ақтөбе қаласында 7 пункт жұмыс жасайды:
1.Халықты жұмыспен қамту орталығы, Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Уәлиханов көшесі, 12А тел.: 44-57-55)
2. Халықтық кеңсе (Сәңкібай батыр даңғылы 249, 1 қабат)
3. Халыққа қызмет көрсету орталығы (Тургенев к-сі, 109)
4. Ақтөбе қаласының Алматы ауданы әкімдігі (Қарғалы а., 60 лет Октября к-сі 70Б, «ЕХРО» ғимараты)
5. Ақтөбе қаласының Астана ауданы әкімдігі (Сәңкібай батыр даңғылы, 145Б, тел 41-73-17)
6. Қурайлы ауылдық округінің бұрынғы ғимараты (Қурайлы кенті, Жеңіс көшесі 44)
7. Сазды ауылдық округінің бұрынғы ғимараты (Сазды кенті, Өнеге көшесі, 1 үй)

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#атаулы әлеуметтік көмек #Ақтөбеде

Комментарии

Объявления
live comments feed...