14:29, 28 марта 2019 г.
Надежный источник
Декларацияны тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады
2018 жылға мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады, деп хабарлайды City04.kz.
Салық кодексінің 363-бабының 2-тармағына сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша (230.00 нысаны) декларацияны тұлғалардың мынадай санаттары ұсынады:
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету бойынша міндеті жүктелген жеке тұлғалар. Бұдан басқа, осы декларацияны жыл сайын мемлекеттік лауазым атқаратын адамның жұбайы (зайыбы) табыс етуге міндетті.
Теріс себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейін үш жыл ішінде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына табыстары мен мүлкі туралы декларация тапсырады. Декларация орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі. Мысалы, 2018 жылға декларацияны 2019 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсыну қажет.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии