15:51, 6 апреля 2019 г.
Надежный источник
Облыс әкімі АМК және «Коппер технолоджиге» қызметкерлерге әлеуметтік пакетті кеңейтуге ұсынды
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Хромтау ауданының Көктау ауылында екі бірдей еңбек ұжымдарымен кездесті. Олар «Русская медная компания» ЖАҚ холдингінің құрамына кіретін «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС және «Коппер Технолоджи» ЖШС. Кездесу өңірге арнайы келген РМК Президенті Всеволод Левиннің сондай-ақ, облыстық кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен өтті, деп хабарлайды City04.kz.
Өндірістік қызметтің нәтижелері және ұжымдық келісімнің 2018 жылықалайіске асырылғаны туралы кәсіпорынның бас директоры Наталья Бондаренкоесеп берді. Оныңайтуынша, есептікезеңде «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС негізгі капиталға 10,6 млрд теңгеден астам қаржы құйса, «Коппер Технолоджи» ЖШС не4,5 млрдтеңге салды. Әлеуметтік пакет жұмысы күшейтіліп, жалақы 4%-ке артқан.Қазіргі кезде екі кәсіпорында 1500-ге жуық адам қызмет етуде.
Кәсіпорын әлеуметтік жауапкершілік принципін де сақтайды. Мәселен, Ақтөбеде 2018 жылы олардың қатысуымен сал ауруына шалдыққан, аутизм, нейро-тірек-қимыл аппаратының патологиясымен ауыратын балаларға «Аяла» оңалту орталығы ашылған еді.
Аймақ басшысы 2019 жылғаарналған міндеттер мен тапсырмалардыайта келе, өндіріс көлемін одан әрі арттыру, кәсіпорындарды дамытуға инвестиция тарту, еңбек ресурстарының сапасын түбегейлі жақсарту қажеттігін атап өтті.
Сонымен бірге, облыс әкімі «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС және «Коппер Технолоджи» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру қажеттілігін ерекше атап өтіп, бұл мәселенің ұйымдасқан түрде шешілуін ұсынды. Аймақ басшысы еңбек ақысын көтеру және әлеуметтік пакетті кеңейту арқылы қызметкерлердің материалдық әл-ауқатын одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.
Өзкезегінде, Всеволод Левин компанияәруақытта жергілікті атқарушы органдарға,тапсырмаларды орындау бойынша біріге жұмыс жасайтынына сенімбілдірді.
Кездесу, еңбек қатынастарын реттеу және қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер беруде өңірлік деңгейде келісілген әрекеттер мен өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қоюмен аяқталды.
Жиыннан соң облыс әкімі «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің №1 байыту зауытын жаңғырту барысымен танысты.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
15:32, 26 ноября
119
20:49, 17 ноября
15:32, 26 ноября
13
00:42, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии