• Главная
  • Мұғалжарлықтарға медициналық көмек көрсетіледі
09:34, 16 апреля 2019 г.
Надежный источник

Мұғалжарлықтарға медициналық көмек көрсетіледі

Мұғалжарлықтарға медициналық көмек көрсетіледі

Ағымдағы жылдың 15,16,17 сəуір күндері Ақтөбе облысы бойынша "Əлеуметтік мəселелерді шешу" атты облыстық акция шеңберінде орталықтан əртүрлі профильді бір топ мамандар  Мұғалжар ауданына келіп, медициналық көмек көрсету мақсатында қабылдау жүргізеді, деп хабарлайды City04.kz.

Ауданға балалар неврологы, балалар хирургы, кардиолог және эндокринолог, СӨСҚ маманы,екпемен бастартуы бойынша және де басқа мамандар емдеу мен алдын алу бойынша кеңестер беріп, ағарту-түсіндіру жұмыстарын өткізеді.

Медициналық мамандардан құрылған топ төмендегі жоспар бойынша аудан тұрғындарына көмек көрсетеді.

"15-сәуір күні - Жұрын селосындағы бағыт юойынша жоғарыда аталған дəрігерлер күні бойы мектеп жасындағы балаларға медициналық тексерулер, стомоталогиялық көмек көрсетулер, екпе төңірегіндегі сұрақтар бойынша түсіндірмелі жұмыстары, жасөспірімдер мен жастардың арасында ерте жүктіліктің алдын алуы бойынша жəне тұрғындар арасындағы онкологиялық аурулары бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары ұйымдастырылады. 16-сәуірде Еңбек жəне Талдысай селоларында өтеді. 17-сәуір - Қандыағаш қаласында", - деп атап өтті Мұғалжар АОА-ның әкімшілігі.

Қосымша ақпарат алу үшін Мұғалжар АОА-на 3-43-81 нөмеріне хабарласуыңызға болады.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Ашық есік күні #Мұғалжар ауданында тексеру

Комментарии

Объявления
live comments feed...