12:20, 30 апреля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеде жастар форумы өтті

Ақтөбеде жастар форумы өтті

Жастар жылына орай, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы мен "Ансар" ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен "Дін. Қоғам. Жастар" аймақтық жастар форумы өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Жыл басында облыс әкімінің бірінші орынбасары Мавр Абдуллиннің бекітуімен  "Дін. Қоғам. жастар" жобасы бекітілген болатын. Аталмыш  жоба аясында облыс көлемінде түрлі форматтағы  шаралар мен шығармашылық, танымдық форматтағы кездесулер жүзеге асырылуда. 

Мұндай шаралар тек қана қала көлемінде емес, сонымен қатар, аудандарда да кең көлемде өткізіліп жүр.  Солардың бірі - Мәртөк ауданында орналасқан  "Жайсаң" балалар үйінде өткізілген шығармашылық бір күнді атап өтуге болады. Осыған орай, облысымыздың 150 жылдығына орай, "150 жылдыққа 150 түп ағаш" акциясы аясында, 25  ағаш отырғызып,  келесі кезекті "Мейірім" қайырымдылық қорына жолдады.

Бүгінгі форумға Алматы қаласынан шақырылған басты қонақ - "Биснес бастау" кәсіпкердік  мектебінің негізін қалаушы, бизнес-тренер Нұрсила ахметбек кәсіпкерліктің алғышарттары жөнінде сөз қозғады. Өзі қызмет ететін өлкедегі жамағаттың ауызбіршілігі мен жақсылыққа жарысып қызмет етуіне ұйытқы болып жүрген, Ақтау қаласынан келген қонақ, Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық "Миғраж" мешітінің бас имамы, "Үммет жастары" қайщырымдылық қорының төрағасы Руслан Баймұханов жамағат жастарының жұмыла жасап жатқан жұмыстары жайында баяндалды.

Сонымен қатар, аталмыш жобаның жүзеге асырылуына  үлес қосып жүрген "Аңсар" еріктілер тобының белсенділері алғыс хатпен марапаттылды. 

Шара соңында  жастарға жат діни ағымдардың ықпалына ұшырамас үшін діни сауатты болуға, қоғамдық қызметтерге белсене атсалысып, қайырымдылық шараларға үлес қосуға үндеу жолданды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Жастар форумы #Дін #қоғам #жастар

Комментарии

Объявления
live comments feed...