10:18, 1 июня 2019 г.
Надежный источник
Бала - өмірдің гүлі
Бүгін 1 маусым балалар күніне орай Ақтөбе қаласында балаларға арналған мәдени іс-шара болып өтті, деп хабарлайды City04.kz тілшісі.
Халықаралық балаларды қорғау күнінде Тұңғыш президент саябағында ертемен басталып кеткен концертте Ақтөбе облысының балалары сап түзеген шеру орын алды. Оған облыстың түкпір-түкпірінен келген музыкалық мектептің намысын, аудан намысын, мектеп намысын қорғаушылар жиналды. Шеруден соң Ақтөбе облысында түрлі жетістіктерімен көзге түскен дарынды, талантты оқушылар арнайы марапатпен марапатталды. Мерекелік шара әнші, биші ансамбльдердің шашуымен жалғасын тапты.
Күннің ысуына қарамастан саябақта балаларына түрлі тәттілер мен балмұздақ алушы ата-аналар мен ойын-сауық кешендеріне кезекке тұрушылар саны артып кетті.
Алайда:
- Балалардың атаулы мейрамында мерекелік көңіл-күйді ешкім түсірмейді,-дейді қала тұрғыны.
Ақнұр ҚУАНЫШ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии