• Главная
  • Жасыл желектің жағдайына алаңдайды
12:17, 3 июня 2019 г.
Надежный источник

Жасыл желектің жағдайына алаңдайды

Жасыл желектің жағдайына алаңдайды

Ақтөбе қаласының тұрғындары қаланың жасыл желегінің жағдайына алаңдаулы, деп хабарлайды City04.kz.

Жолдардың кеңеюі, бизнес орталықтары мен парктердің құрылысынан ағаштарды кесуге тура келіп жатыр.

Жергілікті әкімшіліктің бұл ісіне көпке ұнамады. Ағаштардың жойылуын тоқтату үшін еріктілер «Дем ал, Ақтөбе!» атты ұйым құрған-ды. Құрамына 150 адамды жинаған қауымдастық ағаштарды кесуге тура келетін кез-келген оқиғаға дереу барып, заңды тұрғыда орындалып жатқандығын тексереді. Оған қоса көғалдандыру жұмыстарымен айналысады.

- Қазір қалада жағдай өте қиын. Көптеп көшеттер отырғызылғанымен фотосессиядан кейін ол туралы ұмыт қалады. Жан-жақтан түскен хабарлар осындай көшеттердің көп екенін, бірақ олардың еш қараусыз, яғни күтімсіз қалғандығын хабарлайды,-дейді «Дем ал, Ақтөбе!» атты қауымдастықтың ұйымдастырушысы Евгений Лазарчук.

Ақнұр ҚУАНЫШ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#АҒАШТАР #ДЕМ АЛ АҚТӨБЕ #АҚТӨБЕ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Комментарии

Объявления
live comments feed...