16:09, 4 июня 2019 г.
Надежный источник
САЙЛАУҒА САҚАДАЙ САЙ
4 маусым Ақтөбе қаласында «Аманат» азаматтық платформасынің брифингі өтті, деп хабарлайды Сity04.kz.
«Аманат» облыстық штабының мүшелері белгіленген уақыт аралығындағы атқарған жұмыстарын қорытындылады. 28 сәуір мен 4 маусым аралығында 44 іс-шара өткізіліпті. Бұларға ТИК, ҚАК өкілдерімен, барлық 7 кандидаттың сайлау алдындағы штаб мүшелерімен кездесулер, олардың дауыс беру күніне дайындығын тексеру мақсатында сайлау учаскелеріне бару шаралары кіреді.
Қазақстан бойынша «Аманат» азаматтық платформасы аясында сайлаушылар мен журналисттерге арналған тренингтер өткізіліп,тәуелсіз бақылаушыларға түсіндірілім жұмыстары жүргізілді.
- Қазіргі таңда еліміз бойынша 10 692 тәуелсіз бақылаушы, Ақтөбе облысы бойынша 529 адам дайын тұр. Біздің мақсатымыз сайлау алды шараларының әділ әрі дұрыс өтуін қадағалау. Оған қоса қателік кетпеуін бақылау,- дейді Дюсенова Айгуль Егизбаевна «Аманат» азаматтық платформасының меңгерушісі.
Ақтөбе облысы бойынша 529 бақылаушылардың жас мөлшері төмендегідей:
35% жастар
5% зейнеттегілер
60 % Орта жастағылар
Жалпы 70% әйел адамдар болса, 30% ер адамдарды құрайды.
- Бақылаушыларды дайындайтын «Аманат» азаматтық платформасы өз жұмысын осы уақытқа дейін дұрыс деңгейде атқарып келді. Атқарылған шаралардың басым көпшілігі осы бақылаушылар мен сайлаушылардың дайындығына өткендіктен қазіргі таңда көп нәрсенің алды алынып, андысын бағып отыр. Сайлауға сақадай сай сайлаушылар мен бақылаушылардың құқықтары жете түсіндірілгенін осы жұмыстардың нәтижесінен көруімізге болады. Кез келген жұмыс атқарылғанда ескерілуі керегі халықтың ол нәрседен толық хабардар болуы. Ал осы «Аманат» азаматтық платформасы аясында осы нәрсені елеген Бұқаралық ақпарат құрылдарының маңызы зор болды. Түсіндіру жұмыстарымен қатар тренингтер өткізіліп, жемісті нәтиже көріп жатырмыз. Бұның барлығы жергілікті телеканалдар мен жергілікті сайттарда жарық көріп отырды,- деп толықтырды әлеуметтік желі мен БАҚ-на ақпарат жеткізілуіне жауапты «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі және «Сity04.kz» ақпараттық-жаңалықтар сайтының директоры Ещанова Гульнур Жолдыбаевна.
Сайлаушылар көп жағдайда сайлауға сағат 14:00ге дейін келеді. Мүмкіндігі шектелгендерге арнайы жағдайлар жасалғандығын ескертті. Бір сөзбен жан-жақты жұмыс азаматтық платформаның басты көздеген мақсатына жетелейді.
Т.Ахтанов атындағы драма театрының әртісі Музбаева Майгуль «5 аманат» жобасы бойынша:
- Халықтың ұсыныс тілектерін жеткізетін бұл жоба келешекте сайланған президентіміздің құлағына шалынады деп ойлаймыз. Және сонымен қатар өзім де өнер адамы ретінде айтқым келетіні мемлекет ел болып қалыптасып одан әрі дамуы үшін алдымен өнеріне жағдай жасауы керек. Бірінші аманатым сол өнер жолында сарп еткен еңбегінің өтеуіне берілетін жалақы көлемін көбейтсе деймін. Кейін осы өнер деп аталатын елімнің қазынасының ордасы боп қалатын өнер сарайлары, орталықтары көптеп ашылса сол орталыққа қарап қанаттана, өнерін қадірлейтін жастардың қатары көбейетіні анық деп білемін,-дейді.
Қазақстандықтар соңғы кезде сайлауға бейжай қарамайтындығын танытуда. Мәслен, соның ішіндегі ең көп танымал болып кеткен көліктерге «Менің таңдауым...» деген жазу жабыстыру болды. Бұл туралы облыстық штаб бөлімі басшысының орынбасары Кусаинов Халел Хаймуллиевич:
- Бұндай халық арасындағы танымалды жазуларға ешқандай қарсылық жоқ. Бұлар сайлау қорынан ешқандай шығын келтіріп жатқан жоқ. Яғни, бұл кандитаттардың үгітіне жатпайды.
Ақнұр ҚУАНЫШ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии