• Главная
  • Жылқысын шомылдырамын деп суға кеткен
14:09, 7 июня 2019 г.
Надежный источник

Жылқысын шомылдырамын деп суға кеткен

Жылқысын шомылдырамын деп суға кеткен

Жылқысын шомылдыруға шыққаннан оралмаған Ақтөбе қаласының тұрғынының   өлі денесі бүгін табылды, деп хабарлайды Сity04.kz.

Бүгін  Нургазин Жарылкасын есімді ер азаматтың қайтып оралмағаны туралы хабар түсіп, Ақтөбе қаласының төтенше жағдай қызметі іздеу жұмыстарын бастаған еді.

Жылқысын шомылдырамын деп суға кеткен, фото-1

Азамат 6 маусым күні сағат кешкі 19:30 шамасында Локомотивное депо ауданынан өзінің жылқысын суға шомылдыруға шыққан. Іздеу салушы "әдетте ол жылқысын шомылдыруға шыққанда Елек өзенін кесіп өтетіндігін" айтты. Бірақ бұл жолы қайтып оралмаған. Жағдай осындай ауқым алғасын дереу төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, іздеу жұмыстары басталғаны туралы хабар келіп түсті.

Өкінішке орай жедел іздеу жұмыстары нәтижесінде мәйітті Мичурин ауданынан, Елек өзенінің тереңдігі  3 метр болатын жерінен тапқан.

- Марқұмды біреу қасақана суға батырып немесе өзі батып кеткендігі жайы белгісіз. Оқиға қалай болғаны туралы анықтау жұмыстары жүріп жатыр,- дейді Төтенше жағдайлар департаменті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ӨЗЕН #ЖОҒАЛҒАН АДАМ #АҚТӨБЕ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Комментарии

Объявления
live comments feed...