12:22, 11 июня 2019 г.
Комиссияға жайылған дастархан
Байғанин ауданындағы жағдайға байланысты Ақтөбе облысы білім басқармасы басшының орынбасары Сүлейменова Гүлназ ТөрәліқызЫ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Сity04.kz.
- Облыстық білім басқармасы Байғанин ауданындағы коррекциялық кабинет пен облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметi мамандарының барлығын жинап алып, толығымен талдау жұмыстарын жүргізді,- дейді білім басқармасы басшысының орынбасары.
Жағдай 5-6 маусым аралығында орын алған. Ақтөбе облыстық ПМПК 5 дәрігері 5 маманы Ерекше қабілетті балаларды анықтау мақсатында консультация өткіззуге келген.
Бұндай консультациялар облыс бойынша барлық аудандарда жылына 1 немесе 2 рет өткізіледі. Шалғай ауылдардан комиссияның консультациясынан өту үшін аудан орталықтарына ата-аналар өз көліктерімен немесе қатынас көліктерімен балаларын әкеледі. Аудандарға баратын көшпелі комиссия жасақталып, 2 күн жұмыс жасайды.
- Байғанин ауданында 5-6 маусым күндері болған консультация қызметіне барлығы 70 бала келді. Сол себептен, балалардың барлығын қабылдап үлгеру үшін түскі ас кезінде уақыт жоғалтпас қамымен жайылған дастархан болатын. Ол комиссия мүшелерінің іс-сапар шығындарының есебінен ұйымдастырылды, - дейді Гүлназ Төрәліқызы.
Дастархан Байғанин ауданындағы коррекциялық кабинетінде жайылған. Оны жайған кабинет мамандары көрінеді.
Гүлназ Төрәліқызы өз сөзін:
- Осындай ситуация болғаны үшін Облыстық білім басқармасы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметi басшылығына және Байғанин аудандық коррекциялық кабинетінің басшылығына тәртіптік жаза ретінде сөгіс берілді,- деп аяқтады.
Аталмыш оқиға туралы 6 маусым күні ғаламтор беттеріне Комиссияға дастархан жайған деп тараған жазбалардан белгілі болды.
Ақнұр ҚУАНЫШ
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии