• Главная
  • Жұмыскеріне қысым көрсеткен басшы сөгіспен жазаланды
10:17, 12 июня 2019 г.
Надежный источник

Жұмыскеріне қысым көрсеткен басшы сөгіспен жазаланды

Жұмыскеріне қысым көрсеткен басшы сөгіспен жазаланды

"Басшымнан соққы жедім" деп шырылдаған жас маманның жағдайына байланысты құрылған комиссияның шешімі шықты, деп хабарлайды Сity04.kz.

Пригородный орта мектебіндегі оқиғаға байланысты Ақтөбе қалалық білім бөлімі  басқармасы комиссия құрып тексеру жұмыстарын жүргізген.

Аталмыш комиссия құрамында болған Ақтөбе қалалық білім бөлімі басқармасы басшының орынбасары Жұлдыз Бердібекқызы комиссия шешімін мәлімдеді:

- Пригородный орта мектебінде орын алған жағдай бойынша комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталды. Мектеп директоры Гулнар Жанинаға оның жас маманды ұрмағаны белгілі болып, Білім және ғылым министрлігінің 1080 бұйрығы тәртіптік жаза  негізінде сөгіс берілді.

Пригородный орта мектебінде ағылшын тілінің мұғалімі болып жұмыс істейтін жас маман Әдемі Бауыржанқызы мектеп басшысына наразы екендігін бұған дейін де жеткізген. 

Бір қызығы, дереу құрылып жұмысын бастап кеткен комиссия шақыртуымен жағдайды бастап берген жас маман  тексеру жұмыстарына келмеген. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жас маман #директор #пригородный #новости актобе #ақтөбе жаңалықтары

Комментарии

Объявления
live comments feed...