• Главная
  • Облыс әкімі өңірлік оқыту орталығына келді
10:31, 17 июня 2019 г.
Надежный источник

Облыс әкімі өңірлік оқыту орталығына келді

Облыс әкімі өңірлік оқыту орталығына келді

2019 жылғы 15 маусымда облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының әкімі И.С.Испановпен, Ақтөбе облысының ТЖД бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Сыздықовпен бірге Өңірлік оқыту орталығына барды, деп хабарлайды Сity04.kz.

Сапар барысында олар материалдық-техникалық базамен, оқу процесімен және жалпы орталықтың жұмысымен танысты.

Облыс әкімі өңірлік оқыту орталығына келді, фото-1

Негізгі оқыту корпусының, оқу сыныптарының, асханалардың, казармалық бөлмелердің, психологиялық жеңілдету бөлмесінің аумағымен таныстырылды.

ӨОО қызметімен танысу мақсатында облыс әкіміне Өңірлік оқыту орталығын дамыту перспективасы туралы слайд материалдары көрсетілді.

Сонымен қатар, оқытушылар құрамымен кездесу өткізіліп, оқу үдерісін ұйымдастыру, қаланың жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл, материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері қозғалды.

Облыс әкімі өңірлік оқыту орталығына келді, фото-2

Кездесу соңында облыс әкімі Өңірлік оқыту орталығының барлық қызметіне оң баға беріп, алдағы уақытта табыс пен өркендеуді тіледі.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#АКИМ ОБЛАСТИ #ОНДАСЫН ОРАЗАЛИН #АКИМ ГОРОДА АКТОБЕ #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...