16:16, 19 июня 2019 г.
Ақтөбеде баспаналы бөлуға көмек көрсетілді
Бүгін «Жұбановтар әлемі» шығармашылық орталығында халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Нұрлан Абдуллиннің қайырымдылық концерті болып өтті, деп хабарлайды Сity04.kz.
Шараға облыс әкімі арнайы қатысып, "MAXIMUS" ЖШС директорлар үйлестіру кеңесінің төрағасы, кәсіпкер Амангелді Мәйтеков көп балалы, толық емес отбасы, және мүгедек бала асырап отырған 5 отбасыға 1 және 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.
- Облыс бойынша 30 мың адам баспана кезегінде тұрса, олардың ішінде 23 500-і Ақтөбе қаласында. Бұл мәселе бірден шешілмейді, бірақ тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз ең алдымен аса мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз. Осы жылдың өзінде облыста 1 млн шаршы метрден аса тұрғын үй салынады, бұл дегеніңіз 8 мыңнан аса пәтер. Олардың жартысы мемлекеттің қолдауының арқасында аз қамтылған отбасыларға тиімді шарттармен берілетін болады. Демеушілердің берген қаржысына 2-3 азаматқа пәтер алуға да болады. Алайда, сол қаржыны 20-30 адамға алғашқы жарна ретінде берген тиімді болып отыр. Өйткені, олар жалдамалы пәтерге төлейтін қаражатты енді өз меншігінде қалатын баспанасы үшін төлейді. Өткір мәселе осылай жүйелі түрде шешіліп келеді,-деді облыс басшысы.
Қайырымдылық шарадан түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілмек.
Баспанаға ие болғандардың ішінде мүгедек қызын бағып отырған Қожабекова Күмісай да "қызының армандарының бірі" орындалғанын айтты.
- Алғашқы арманы орындалған қызым Әйгерім мүгедек болып туылған еді. Өзім де 3 топ мүгедегімін. 7 жыл бойы үйден оқыған қызым жұрт қатарлы мектепке барғанды қалайды. Баспанамыздың алғашқы төлемін төлеу үшін қаражатымыз жетпейді. Ендігі бар сеніміміз өңірдегі кәсіпкерлерде. Солар бізге көмек қолын созады деп үміттенеміз,- дейді Ақтөбе қаласына 150 жылдығына орай 500 мың теңге иеленген көп балалы ана .
Көптен күткен баспаналарының кілтін табыстау рәсімінен кейін "Жұбановтар әлемінің" сахнасы төріне белгілі әнші Нұрлан Абдуллин жиналған қауымға ән шырқап көңілдерін көтерді.
Ақтөбе өңіріне жиі келіп тұратындығын айтқан Нұрлан мырза "Маған ыстық өңірде қайырымдылық концертін өткізуге келу үлкен қуаныш " деді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
15:32, 26 ноября
119
15:32, 26 ноября
13
00:42, 24 ноября
20:49, 17 ноября
live comments feed...
Комментарии