12:08, 24 июня 2019 г.
Надежный источник
Жағажайға шыққан Ақтөбеліктер
Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтары үшін жағажай маусымы 7 ресми жағалауларда ашық, деп хабарлайды Сity04.kz.
Жаздың шуақты күндерінде жағалауда күнге қыздырынып демалғанға не жетсін. Әсіресе, Ақтөбе тұрғындары бұндай ыстық кезеңде шомылуға құмартып тұратыны анық.
Биыл шомылуға Ақтөбеліктер қай жерлерге бара алады?
2012 жылдан бері Ақтөбеде және оның аумағында 5 жағалау болса, биыл оның сан 7-ге өсті.
Шомылуға рұқсат етілген жағажайларға Елек өзенінде орналасқан "Жағажай - 2" мен Ақтөбе су қоймасы жанындағы "Інжу" қосылды.
Жағажай иелері көрсетілген талаптарға сай жұмыс атқаруы тиіс. Әрбір рұқсат етілген жағажайларда 3 құтқарушы мен медициналық пункттер қамтамасыз етіледі.
Суға түсушілердің қауіпсіздігі үшін 26 жүзу жабдықтары мен 11 техника қарастырылған.
Шомылуға тиым салынған орындар:
- Силикат заводы ауданы
- Россовхозға қарасты көпір
- Тұрғынқалашық ауданының сол жақ бөлігіндегі "Бурляшка" аталып кеткен жағалау
- Бұрыңғы мал базары жанындағы ескі "земснаряд"
- Кірпішті зауыты көпірінің ауданы, Қарғалы мен Елек өзендерінің тоғысқан жері
- Жаңа "земснаряд", туберкулезға қарсы диспансер
- Қарғалы ауданына қарасты көпір
Шомылуға тиым салынған орындардан бөлек, рұқсат етілген жағажайларда да қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды еске саламыз.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
00:42, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии