14:56, 24 июня 2019 г.
Надежный источник
Жоғалған күйеуіне іздеу салған Жаңаөзендік көпшіліктен көмек сұрайды
Жаңаөзендік азаматтардың Ақтөбе жасаған сапары сәтсіз болып, іс түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Сity04.kz.
Әлеуметтік желіде Жаңаөзендік қос азаматтың суреттері мен олар туралы мәлімет жарияланып, іздестіру жұмыстарына баршаның назары аударылып жатыр.
Аталмыш таратылып жатқан хаттарда жоғалған азамат Адилбек Айтуаровтың әйелінің жеке номері көрсетілген.
- Күйеуім Жаңаөзен қаласынан Ақтөбе қаласына газельмен 19 маусым күні кешке шығып кеткен еді. Еңбек демалысын пайдаланып Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Оймауыт ауылында тұратын апасының үйіне қонаққа бармақшы болды.
Соңғы рет 20 маусым күні таңғы сағат 7:00 де туылған күнімен құттықтап хабарласқанымда Бейнеуде тоқтағанын айтқан еді. Одан кейін еш хабар алалмадым. Жағдайды айтып Ақтау қаласының, Бейнеу ауылының және Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар қызметіне жүгініп жатырмыз,- дейді жоғалған азамат Адилбек Айтуаровтың жұбайы Айтуарова Маусым.
4 күн хабарсыз болған азаматтар соңғы хабарды тек Бейнеуден берген. Жұбайының айтуынша, олар Бейнеуге тамақтану үшін тоқтаған. Оған қоса көліктің дөңгелегі жарылып, сол жерден ауыстыруға тура келгендігін жеткізген.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз хатшысының мәліметінше бұл жағдай Ақтөбе өңіріне кірмейтін болғандықтан тіркелмеген.
Еске сала кетейік, жоғалған азаматтар туралы ақпарат:
Тугелбаев Дәулет, Айтуаров Адилбек 19.06.2019 жылы Жаңаөзен қаласынан Ақтөбеге Газель автокөлігімен шыққан. Көлігі Дияр елді мекенінде 35 км шақырым жетпей табылған.
Көрген білген барлық мағлұмат бойынша біздің редакциямызға хат жолдауыңызға болады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
00:42, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии