• Главная
  • Ақтөбеліктер Арыспен бірге! Арыс, біз біргеміз, Нұротан, Ақтөбе асары, Менің атамекенім
11:35, 25 июня 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбеліктер Арыспен бірге! Арыс, біз біргеміз, Нұротан, Ақтөбе асары, Менің атамекенім

Ақтөбеліктер Арыспен бірге! Арыс, біз біргеміз, Нұротан, Ақтөбе асары, Менің атамекенім

24 маусым тіркелген Арыс қаласындағы оқ қоймасында орын алған жарылыстан жапа шеккендер мен панасыз қалғандарға Ақтөбе жұрты көмек көрсетуде, деп хабарлайды Сity04.kz.

Өңірде Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты көмек қолын созу мақсатында қорлар ашылып, оған Ақтөбе кәсіпкерлері, мемлекеттік қызметкер мен мекеме басшылары, қарапайым тұрғындар белсене араласуда.

Облыс әкімі орынбасарының бастамасымен «Арыс, біз біргеміз» акциясына үлес қосу жұмыстары кеше басталып кеткен.

- Арыс қаласындағы жағдайға Президенттен тапсырмасымен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Менің төрағалығыммен облыста штаб құрылды. Қазіргі таңда екі жүк көлігіне 24 тонна азық-түлік, балаларға қажетті киім-кишек дайын тұр. Жеткізілетін қоймалардың мекен-жайы анықталып жатыр. Көмек тиелген көліктер бүгін Шымкент қаласына аттанады. Сонымен қатар 5 млн теңге қаржы аударылатын болады. Елде болып жатқан қиыншылық жағдайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмылуымыз керек. Бірігіп көтерсе жүк жеңіл. Осы жағдайға бірігуге барлық азаматтарды шақырамын,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Рахат Сыдықов.

Демеушілерден жиналған 5 млн теңгеден басқа мемлекеттік қызметкерлер мен мекеме басшылары бір күндік жалақыларын аударып жатыр.

Ал "Нұр Отан" саяси партиясының Ақтөбе қалалық өкілдігі де қайырымдылық қорын ашып, кешеден бері азық-түлік жинап жатыр,

Саяси партияның оған қоса "Жас Отан" жастар қанатының мүшелері бір күндік айлықтарын жинап көмек ретінде Арыстағы көмекке зәру отбасыларға аударуда.

Ақтөбеліктер Арыспен бірге! Арыс, біз біргеміз, Нұротан, Ақтөбе асары, Менің атамекенім, фото-1

Оған қоса, ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша әкімдігі "Ақтөбе асары" атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар да Арыстағы апаттан зардап шеккен ағайынға көмек қолын созуға баршаңызды шақырады.

Kaspi Gold: 5169 4931 0673 1295 (Кенжегул Кушкарова)

ИИН: 6601 2140 2077

Байланыс телефондары: +7 (778) 178-14-75 ("Зекет қоры")

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Арыс қаласындағы зардап шеккен адамдарға арнап арнайы "Менің Атамекенім" атты ашық қоғамдық бірлестік құрып, қаражат жинауда. Қазіргі таңда жиналған қаражат 140мың теңге көлемінде.

Көмек қолын созып қаражат аударам деушілерге СІЛТЕМЕ.

Сонымен қатар, "Глобал-Спецодежда" ЖШС Арыс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде 2 млн теңге қаражат бағыттады.

Оның ішінде жамылғы, көрпе, төсек жабдықтар, кәсіпкерлікте жасалынған киім-кешектер. Жқмыскерлердің арасында жалпы қор жасақталып, оған 260 мың теңге ақша жиналды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#"Арыс #біз біргеміз" #"Нұротан" #"Ақтөбе асары" қорлары #взрыв арыс 2019

Комментарии

Объявления
live comments feed...