15:04, 28 июня 2019 г.
Надежный источник

ШЕТ ЕЛДЕ ОҚИ АЛАСЫЗ!

ШЕТ ЕЛДЕ ОҚИ АЛАСЫЗ!

Ақтөбе өлкесінде арман қуып алыс жақыннан келген студенттер мен туған жерінде аунап-қунап өңірде пайдамыз тисін деп білім алушылар назарын әрине, тек Ақтөбеге емес Қазақстанға білікті маман атану үшін шет ел оқуы қызықтырары сөзсіз.

Ендеше, сол шет ел оқуы қаншалықты қол жетімді?

Қазіргі таңда студенттер шет елге оқуға барудан еш тайынбайды. Университетке түсе салысымен сол оқу орнынымен шектеліп қана қоймай, шет елде білім алып Отанға қызмет ететін білікті маман болу жағын қарастырады.

Өзге елде оқып келген студенттердің бірі Дәурен Халелов қазіргі таңда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін 2 курсын тәмамдады. Бар болғаны 2-ші жылын аяқтаған ол Түркияның Сакария университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып келген.

ШЕТ ЕЛДЕ ОҚИ АЛАСЫЗ!, фото-1

- Менің замандастарым сапалы білімге құштарлығыммен ерекшеленеді. Елімізде студент-жастарға шетелде академиялық білім алуға жағдай жасалып отыр. Біздің оқу орнымызда бұл ретте жоғары мүмкіндіктер бар,- дейді ол, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша іріктеуден өтіп, Түркия республикасында оқып келген жастардың бірі ретінде.

Студенттің айтуынша, шет елде оқуға барлық мүмкіндіктер бар. Студент қаласа Түркия тарапынан "Мәулана" бағдарламасы бойынша берілетін грант арқылы немесе өз ақшасына шетелде білім ала алады.

Бірінші халықаралық академиялықұтқырлық бөлімінің арқасында грант арқылы бір семестр Сакария Университіне барып оқып қайттым. Енді осы жылы мен Мәулана бағдарламасына қатысу үшін керек документ тапсырып , Анкарадағы Хаджеттепе университетінен Түркия тарапынан грант ұтып алғандықтан келе жатқан оқу жылын сол жақта оқитын боламын,- дейді Дәурен.

Дәурен Халелов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің халықаралық ынтымақтастық орталығы әдіскерінен мәлімет ала отырып, осындай мүмкіндікке ие болды.

Шет елдік грант иегері біздің елдегі оқу мен шет елдік оқу жүйесін былайша салыстырды:

1.Оқу еркіндігі:студенттерді оқуға ешкім мәжбүр етпейді. Әркім өзі үшін оқиды. Катысымды, дәріс немесе үй жұмыстарын тексеру жоқ.

2.Оқу бос екеніне қарамастан  жүйесі ауыр .

3.Мәдени іс-шаралар өткізілмейді, бұл тек оқуға шоғырлануға мүмкіндік береді.

4.Студенттер арасындағы бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін "ЧАН" бағалау жүйесі бар. "ЧАН" жүйесі емтиханнан ұпайларды және жалпы қорытынды балдарды анықтайды. Яғни, бұл шын мәнінде қарапайым, бірақ тиімді салыстырмалылық жүйесі. Мысалы, емтихан бойынша менің балдарым басқа студенттердің балдарына да байланысты. Осы жүйе арқылы өту балл да "А"(100) алу үшін балл анықталады.

5.Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар бар болса да , біздей үлкен әдеби база жоқ.

- Жастардың қызығушылығы шет ел. Бұның тек жақсы жақтары бар деп танимын. Себебі, Қазақстанның дамуына үлес қосатын болашақ білімді мамандар шет елде оқу арқылы тәжірибе жинай алады. Сол алған тәжірибесін елімізде жетілдіріп, болашақтың кемеңгер ұрпақтары болары анық,- дейді бұл туралы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің халықаралық ынтымақтастық орталығының әдіскері Гулбану Ідірісқызы.

Сондықтан, арман қуған болашақтың иесі жастар әрдайым өз мүмкіндіктерін жіберіп алмауды ойлауы керек.

 Ақнұр ҚУАНЫШ

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#шет ел #академическая мобильность #иностранный язык в актобе #актюбинские студенты в актобе

Комментарии

Объявления
live comments feed...