• Главная
  • Аңдамай басқан ауырмай өледі: "Тенгиздегі" оқиға
09:10, 30 июня 2019 г.
Надежный источник

Аңдамай басқан ауырмай өледі: "Тенгиздегі" оқиға

Аңдамай басқан ауырмай өледі: "Тенгиздегі" оқиға

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен "Тенгизшевройл" жұмысшылары ұшықтырған жағдай ішкі істер қызметінің толық бақылауында, деп хабарлайды City04.kz.

Тенгиздегі оқиға YOUTUBE каналымыздағы видеода. (сілтемені басыңыз)

Аталмыш ушыққан оқиғадан кейін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ауқымды мұнай компанияларының бірінің басшылары мен жұмысшыларымен сөйлесуге келді.

- Бұл мәселе жұмыс талабының әртүрлі болуынан туындаған. Жүйелі сауалдың шешімінің ТШО басшылығы назарға алуы тиіс. Біз өз тарабымыздан барынша қолдау танытуға дайынбыз,- деді Нұрлан Ноғаев компания өкілдерімен кездесу барысында.

Оның сөзінше  Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлар заңды толық сақтауымен қатар намысты қорламайтындай моральды-этикалық норманы да білуі тиіс.

Еске сала кетейік, Тенгиздегі ушыққан бұл оқиға 29 маусым күні орын алған еді. Жұмысшылар Эли Дауда есімді Ливиялық жұмысшының әлеуметтік желіге жүктеген фотосына наразылық тудырған. Фотода сол компанияның жұмысшысы қазақстандық қыз да бар. Нәтижесінде жұмысшылар ашық наразылық көрсетіп, шет елдіктерді соққыға жыққан.

Артынан Ливиялық фото жүктеуші мырза кешірім сұраған видеосын да жүктеген еді.

Қазір жағдай бірқалыпты, құқық қорғау органдары бақылауда ұстауда.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#вахтависты казахстана #работники тенгиз #атырауская область #тенгшевройл атырау #новости казахстана

Комментарии

Объявления
live comments feed...