14:27, 29 июня 2019 г.
Надежный источник
Ақтөбеде агроөнеркәсіп кешенін дамыту перспективалары жөнінде жиын өтті
25-маусым, жұма күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ш. Берсеев атындағы Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжінде болып, оқу орнының материалдық техникалық базасымен танысты, деп хабарлайды Сity04.kz.
Колледж басшысы Амангелді Есіркеповтың айтуынша, білім ошағында студенттердің жақсы білім алуына толыққанды жағдай жасалған.
320 орынға арналған жатақхана, спорт залдары, ғылыми зертхана, жылыжай, шағын дендропарк жұмыс жасайды. Білім ошағы шетелдік оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста.
Сондай-ақ, мұнда 3 жылдан бері балалардың жазғы демалысын өткізуге арналған "Шапағат" лагері жұмыс жасайды. Аудан қаладан келген балалар осында 12 күн демалады. Тәрбиешілер балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі әдістемелік дәрістер ұйымдастырады.
Қазірде 110 бала демалыс уақыттарын өткізуде. Облыс әкімі лагерде биыл алғаш іске қосылған бассейіннің ашылу шарасына қатысып, оларға сәттілік тіледі. Колледж ұжымының жұмысына жоғары бағасын берді.
Сонымен қатар, Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысында өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің көрмесін тамашалады.
Көрмеде, ет, сүт, шұжық, күнбағыс майы, балық, консерві, көкөніс, нан өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Өңір басшысы одан соң Ақтөбе облысының 2025 жылға дейінгі агроөнеркәсіп кешенін дамыту перспективалары жөніндегі жиынға қатысты.
Басқосуға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері , агротехникалық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, ұлттық және республикалық ғылыми орталық мамандары, Ақтөбе облысындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен құралған жалпы 300ге жуық азамат қатысты.
Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының ауылшаруашылығы саласының даму мүмкіндіктеріне тоқталды.
- Біз өз тарапымыздан ауылшаруашылығының әр саласына талдау жасап, 2025 жылға дейінгі бағдарламаны әзірлеп, бүгін сіздерге ұсынамыз. Жалпы, агроөнеркәсіпті дамытуға өңірімізде барлық мүмкіндіктер бар. Өкінішке орай оларды дұрыс пайдаланбаймыз. Мәселен, жайылымдық жерлердің көлемі бойынша облысымыз Республика көлемінде 2-орын алады. Барлығы 25,3 млн.га жайылым болса, оның 9,3 млн. га немесе 36,8% шаруашылықтарға бекітілген, яғни мал басын 2 есеге ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар,-деді Оңдасын Оразалин.
Облыс әкімі сондай-ақ, дәстүрлі емес шаруаларды, яғни бал арасы, құс, балық өсіруді қолға алу қажеттігін айтты.
- Егіншілік саласында ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру барысында агротехникалық талаптары сақталмайды, техника паркі ескірген. Осындай мәселелер барлық салаларда бар.
Соңдықтан, біз бүгінгі отырыста әзірлеген бағдарламаны талқылауға және әрі қарай іске асыруға тиісті мамандарды арнайы шақырып отырмыз",-деді облыс әкімі.
Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өңірлік бағдарламасын таныстырып баяндама жасады.
- Өткен жылы аймақта ауылшаруашылығы саласындағы 227,5 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Алайда, өнімнің 62% жеке қосалқы шаруашылықтың үлесіне тиесілі болған. Сондықтан, басымдықты ауылшаруашылығы құрылымдарының өнімділігін арттыруға бағыттаймыз,-деді облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин.
Ақтөбе өңірінде мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану қажет. Облыста 25,3 млн га жайылымдық жердің шаруаларға тек, 9,3 млн га немесе, 36,8 пайызы тіркелген.
2025 жылға дейін Ірі қара мал санын 1,2 млн-ға, жылқы санын 230,0 мың-ға, ұсақ малдар санын 2, 6 млн-ға жеткізу көзделіп отыр.
Айтып өтейік, ҚР Тұнғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырған болатын.
Үстіміздегі жылдың 18 мамыр күні еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаев Ақтөбе облысына арнайы агроөнеркәсіптікті дамыту бағдарламасын дайындауға тапсырма берді. Аталған конференцияның мақсаты да осы тапсырмалар аясында кездесетін мәселелрді шешу болып табылады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
20:49, 17 ноября
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии