12:13, 2 июля 2019 г.
Надежный источник
Ақтөбе облысының Ойыл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Сейсенбі,2-шілде күні Ақтөбе облысы Ойыл ауданына жаңадан әкім тағайындалды, деп хабарлайды Сity04.kz.
ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының келісімі бойынша облыс әкімі Оңдасын Оразалин бұл қызметке Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлын тағайындады.
Жаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламалардың сапалы түрде жүзеге асыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың оның ішінде жастардың жұмысқа орналасуын басты назарда ұстау қажеттілігін айтты.
- Ауданда ауыл шаруашылығын дамыту және инвестиция тарту, бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Енді жаңа әкім осы бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп, сапалы түрде атқару қажет. Бұдан бөлек, бизнестің жол картасы, қарапайым заттар экономикасы саласын, еңбек ресурстарын реттеп, халықты жұмыспен қамту жұмыстарын күшейтуді тапсырамын, - деді Оңдасын Оразалин.
Асқар Қазыбаев 1962 жылы туған.Жоғары білімді.
Еңбек жолын 1979-1980 жылдары Ойыл ауданында қарапайым жұмысшы болып бастаған.
1994-1997жж Қаратал а.о. әкімі қызметін атқарған.1997-1999жж Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, 2009-2010жж Ойыл аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы,2010-2019жж Ойыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Ал, Ойыл ауданын осы уақытқа дейін басқарып келген Дастан Сағыровқа облыс басшысы ауданға жасаған қызметі үшін алғысын білдірді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
20:49, 17 ноября
live comments feed...
Комментарии