17:42, 3 июля 2019 г.
Надежный источник
Димаштың ата-анасы Нұр-Сұлтанда қоныс тойын тойлады
Әлемге аты танылған әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат-Света Айтбаевтар Нұр-Сұлтан қаласында қоныс тойын тойлады. Олар бұл қуанышын достарымен бірге атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Фото: Instagram
Фото: Instagram
Бас қалада зәулім үйге көшкен жұлдызды жұптың қуанышымен бөлісуге достары арнайы Ақтөбеден ат терлетіп келіпті.
Думанды кеште ақтөбелік өнерпаздардан бөлек Ұлықпан Жолдасов, Досымжан Таңатаров сынды әншілер де жұбайларымен бой көрсеткен.
Меймандардың арасында Димаштың орындауындағы қазақша әндердің авторлары да бар.
Видеодан байқағандай, құрбы-құрдастар жайылған ақ дастархан басында кешті көңілді өткізген. Олар домбырамен барлығы қосыла ән шырқап, бірге думандатқан.
Айта кетейік, осыған дейін жаһанды мойындатып келе жатқан Димаштың ата-анасы ауызашардан соң достарымен бірге ән айтып, жұртты сүйсінткені туралы жариялаған едік.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
15:32, 26 ноября
13
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии