• Главная
  • Ақтөбе облысы Әйтеке би және Ырғыз аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды
14:56, 4 июля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбе облысы Әйтеке би және Ырғыз аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды

Ақтөбе облысы Әйтеке би және Ырғыз аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды
4 шілде,  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  және  аудандық мәслихаттардың келісімі бойынша, облыс әкімі Оңдасын Оразалин Әйтеке би ауданының әкімі лауазымына Елеусізов Мәди Қанатбайұлын, Ырғыз ауданының әкімі қызметіне Шахин Аққанат Әлішбекұлын тағайындады, деп хабарлайды Сity04.kz.
43 жастағы Мәди Елеусізов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, Ресей Кеден академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы Шалқар қаласы «Южбозой» АҚ-да экономист қызметінен бастаған.
Ақтөбе облысы Кедендік бақылау басқармасының кедендік режимдерді бақылау бөлімінің инспекторы, Ақтөбе облысы бойынша Қобда кедендік бақылау басқармасының басшысы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Мәртөк ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімдігі аппарат басшысы, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
Аққанат Шахин 1961 жылы туған. Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының түлегі. Ырғыз аудандық азаматтық қорғаныс штабының басшысы, Ырғыз ауданындағы «Шебер», «Ырғыз»  шағын кәсіпорындарының  басшы орынбасары қызметтерін, Ырғыз аудандық әкімдігі аппаратының басшысы, және Ырғыз ауданының әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

Аймақ басшысы тағайындалған әкімдерге ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеріп, Президент тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асыруды, халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, жұмыссыздықпен күресті күшейтуді тапсырды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#ОНДАСЫН #ОРАЗАЛИН #АКИМ ОБЛАСТИ АКТОБЕ #МАРТУК #НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...