15:23, 5 июля 2019 г.
Надежный источник
Үкімет өзгеріс енгізілген республикалық бюджеттің жобасын бекітті
Бүгін Қазақстан Үкіметі 2019 жылға арналған бюджетті нақтылау туралы шешім қабылдады. Ол осы жылдағы еліміздің экономикалық-әлеуметтік даму бойынша жоспарланған көрсеткіштерін ескере отырып, есептелді.
Үкімет мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осал әлеуметтік топқа жататын азаматтарды қолдау туралы тапсырмасы бойынша шығындарды да есептеді.
Қаржылық қолдау бюджеттің белгілі бір бөлігін қайта қарастыру арқылы жүзеге асырылатын болады деп мәлім етті Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смаилов деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы әзірленді. Бұл арада осы жылдың сәуір айында түзетілген 2019 жылға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын сақтай отырып өзгеріс енгізу ұсынылды", - деді ол.
Оның айтуынша, 2019 жылға арналған бюджеттің негізгі параметрлері өзгеріссіз қалады: түсімдер - 10 трлн 569 млрд теңге, шығындар - 11 трлн 933 млрд теңге, тапшылық - 1 трлн 365 млрд теңге.
"Президент тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз ету Тікелей инвестициялар қорын қоруға көзделген қаражаттың бір бөлігін қайта бөлу есебінен іске асырылатын болады. Мемлекет басты борышты өтейтін болады. Сондай-ақ аударылатын 300 мың теңгеге дейінгі сыйақыларды да жабады. Бұл мақсатта 88,5 млрд теңге бағытталу жоспарланды», - деді министр.
Ал жұмыспен қамту, көпбалалы отбасылар мен жас отбасыларды қолдауға 138,6 млрд теңге бөлінеді.
Жұмыспен қамтуға бөлінетін 50 млрд теңгенің ішінде "Бастау Бизнес", "Енбек" сынды бағдарламалар да қамтылып, белгілі бір әлеуметтік топты несиелендіру көзделген.
Сондай-ақ министр жобада Үкіметтің қорын 72,9 млрд теңгеге арттыру көзделгенін баса атап өтті. Оның бір бөлігі Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай салдарын жоюға бақытталмақ.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
20:49, 17 ноября
15:32, 26 ноября
13
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии