• Главная
  • Министрлер мен әкімдер су қоймасын қоқыстан тазалады
14:09, 20 июля 2019 г.
Надежный источник

Министрлер мен әкімдер су қоймасын қоқыстан тазалады

Министрлер мен әкімдер су қоймасын қоқыстан тазалады

Қоянды су қоймасын қоқыстан тазартуды мақсат еткен «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Акцияға 1200 адам қатысып, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қоянды су қоймасын тазалады.

Жалпы көпшілікпен бірге қоқыс жинауға Үкімет мүшелері, елорда мен Ақмола облысының әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың, дипломатиялық корпус, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, студенттер мен волонтерлер атсалысты.

#Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына атсалысқан Премьер-Министр Қоянды су қоймасының жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарына қолғабыс жасады.

Үкімет басшысы барлық облыс басшыларын министр Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасын жалғастыруға шақырды. «Мен бұл акция бүкіл Қазақстан бойынша жалғасатынына сенімдімін.

Бұл жобаны Қазақстан аймақтарында дамытуға шақырамын. Акция жалпыхалықтық сипат алып, елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына жол ашады деп сенемін», - деді Асқар Мамин.

Еске сала кетейік, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа бастама көтеріп, елорда маңындағы демалыс орындарын бірге тазалауға шақырған болатын. 

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости

Комментарии

Объявления
live comments feed...