• Главная
  • Жер, мүлік және көлік салықтары бойынша жеңілдіктер кімге жасалады
17:30, 22 июля 2019 г.
Надежный источник

Жер, мүлік және көлік салықтары бойынша жеңілдіктер кімге жасалады

Жер, мүлік және көлік салықтары бойынша жеңілдіктер кімге жасалады

Жеке тұлғалар үшін салықтың аталған түрлері бойынша жеңілдіктерге үміттене алатын азаматтардың санаттары бар.

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалар үшін салық төлеу мерзімі туралы ескертеді. Ел азаматтары 2018 жылға мүлік пен жер салығы бойынша төлемді 2019 жылдың 1 қазанына дейін жүргізуі қажет. Сондай-ақ, көлік салығы ағымдағы жыл үшін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төленеді, деп хабарлайды City04.kz со ссылкой Zakon.kzке сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке тұлғалар үшін салықтың аталған түрлері бойынша жеңілдіктерге үміттене алатын азаматтардың санаттары бар.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, мына тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылмайды:

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң, мүгедек балалардың ата-анасының бipeуi, жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

тұрғын-үй қоры, оның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

үй маңындағы жер учаскелерi;

құрылыс алып жатқан жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскелерi;

гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

- "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар:

тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

- жеке тұратын зейнеткерлер:

тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;

үй маңындағы жер учаскелерi бойынша.

Мына тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

- Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер - меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде;

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер - меншік құқығындағы барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 500 еселенген мөлшері шегінде;

- жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Мына тұлғалар көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды:

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар - салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;

- меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер -салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.

Бірақ айту керек, бұндай ережелерін қолдану құқығы бар жеке тұлғаның оларда көрсетілген бір немесе бірнеше санаттарға жататынына-жатпайтынына қарамастан, салықтық кезең ішінде бiр автокөлiк құралы бойынша (қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа) қолданылады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған жеңілдіктер тиісті уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың мағлұматтары негізінде қолданылады.

Бұдан бөлек, босату құқығы осы құқық пайда болған айдың бірінші күнінен бастап қолданылатынын қосымша хабарлаймыз.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...