11:08, 23 июля 2019 г.
Надежный источник
Көрмелер мен конференциялар өткізуге арналған шығыстарға талдау жүргізілуде - Үкімет
Бюджет қаражатының тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық әсері ескеріледі.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті.
- Ағымдағы жылы 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін нақты шаралар жоспары әзірленді. Жыл соңына дейін Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленетін болады.
Онда мемлекеттік аппаратты онтайландыру, кадрлық жоспарлау және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері көрініс табады.
Бюджеттік жоспарлау мен мемлекеттік қаржыны пайдалану тиімділігін арттырудың жүйелі мәселелерін шешу үшін Парламент пен Есеп комитетінің ұсынымдары бойынша тиісті Жол картасы бекітілді. Жол картасының орындалу барысы туралы алдын ала есеп күзде ұсынылатын болады, - деді Ә. Смайылов.
Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы стратегиялық жоспарлардың рөлін арттыру бөлігінде нормативтік негіз дайындау жоспарланып отыр.
Оларды қарау кезінде, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері саланы және тұтастай елдің одан әрі дамуына әсер ететін нысаналы индикаторларға қол жеткізу тұрғысынан қаражат бөлу қажеттілігін дәлелдейтін болады. ҰЭМ жанынан мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың негізділігін қарау жөніндегі Үйлестіру кеңесі құрылатын болады.
- Жаңа мемлекеттік бағдарламаларды бекіту кезінде бөлінетін лимиттер аясында мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларына ғана қолдау ұсынылады. Бюджет қаражатының тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық әсері ескеріледі.
Сондай-ақ, көрмелер, конференциялар және дөңгелек үстелдер өткізуге арналған шығыстарға талдау жүргізілуде. Өткізілген мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойынша имидждік іс-шараларға сатып алудың ең көп сомасы жергілікті бюджеттерге тиесілі болды.
Жақын арада жол картасын әзірлеу аяқталады және республикалық және жергілікті бюджеттер құрамында осы шығыстарды оңтайландыру бойынша қажетті іс-қимылдар алгоритмі анықталатын болады, - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
15:32, 26 ноября
119
20:49, 17 ноября
15:32, 26 ноября
13
00:42, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии