• Главная
  • Ақтөбелік екі прокурор 100 мың доллар парамен ұсталды
10:00, 24 июля 2019 г.
Надежный источник

Ақтөбелік екі прокурор 100 мың доллар парамен ұсталды

Ақтөбелік екі прокурор 100 мың доллар парамен ұсталды

Ұсталғандар қазір қамауда отыр.

ҚР Бас прокуратурасы пара алды деген күдікпен Ақтөбе облысы Хромтау аудандық екі прокурорға қатысты істі бастады, деп хабарлайдыBaq.kz.

2018 жылдың наурыз айында жергілікті кәсіпкер заңға қатысты мәселе бойынша құқық қорғау органдарына жүгінген.

«Тергеу жүргізу барысында прокурорлар бизнесменге «көмектесеміз» деп «көрсеткен қызметі үшін 100 мың доллар сұраған», - деп жазады басылым.

Бизнесмен олар қойған шартқа келіскенімен, кейінірек прокуратураға өзінен пара алмақ болғаны туралы шағымданған. Содан бері кәсіпкер мен прокурорлар арасындағы әңгіме жазып алынған. Ақша беріп жатқан кезінде оларды ұстаған.

Ұсталғандар қазір қамауда отыр. Тергеушілер фоноскопиялық сараптама нәтижесін күтуде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ

Комментарии

Объявления
live comments feed...