11:35, 26 июля 2019 г.
Надежный источник
Қала әкімі саябақты қалпына келтіруге 10 күн берді
Ағаштары қурап, шөптері сарғайып кеткен орталық саябақтың басшысы сынға алынды, деп хабарлайды City04.kz.
Кеше, Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақтың жұмысын тексерді. Ағаштардың қурап тұрғанын көрген ол саябақ басшысы Әділбек Исламовқа сын-ескертпе жасады.Бұдан басқа, шаһар басшысы саябақтағы гүлдердің жағдайын көріп, мердігер компания «Жасұлан Флораға» қатаң шара қолдану керектігін жеткізді.
- Саябақты 10 күннің ішінде қалыпқа келтірмесең, жауап бересің, — деп әкім қатаң ескертті.
Сонымен қатар қала әкімі фонтандардың жұмыс істемей тұрғанын көріп, наразы болды. Өз жұмысына салғырт қараған жауапты мамандарды сынады. Қала әкімі өзінің жаңа орынбасарына Жангелді Әубәкіровке Ақтөбе қаласын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша міндеттерін орындамаған мердігерлерге қатаң шара қолдануға тапсырма берді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
15:32, 26 ноября
13
15:32, 26 ноября
119
20:49, 17 ноября
00:42, 24 ноября
live comments feed...
Комментарии