• Главная
  • Ресейден келген қара түтін жеті облысты жайлады
09:31, 30 июля 2019 г.
Надежный источник

Ресейден келген қара түтін жеті облысты жайлады

Ресейден келген қара түтін жеті облысты жайлады

Ресей билігі орман өртін сөндірудің экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрі техникалық жағынан күрделі екенін алға тартқан.

Сібірдегі орман өрті өшер емес. Қайта жалын шарпыған аумақтар ұлғайып барады. Алапат өрттің түтіні еліміздің Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласына дейін жетті, деп хабарлайды City04.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Салдарынан ауа айтарлықтай ластанған. Аталған өңірлерде оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 6 метрге жететін баяу жел соғып тұр. Ресейдің Якутия, Краснояр өлкесі және Иркутск облысындағы үш миллион гектар жерді өрт шалғанын хабарлаған. Жалынның бағыты енді елді-мекендерге қарай ауысып жатыр екен. Сібірдің барлық аумағын бір аптадан бері қою түтін басқан.

Ресей билігі өрттен ешқандай қауіп жоқтығын айтып, орман өртін сөндірудің экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрі техникалық жағынан күрделі екенін алға тартып отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#НОВОСТИ АКТОБЕ #россия #сибир #алматы

Комментарии

Объявления
live comments feed...