17:00, 30 июля 2019 г.
Надежный источник
ҮЕҰ-ға арналған жазғы мектеп тәмәм болды
2019 жылдың 24-26 шілде күндері, Ақтөбеде ҮЕҰ-ға арналған жазғы Тренингтерді "Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдарының Қауымдастығы" ЗТБ "Ақтөбе облысында "Бір терезе" қағидасы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында азаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту " жобасы аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты шеңберінде Жазғы мектеп бағдарламасында үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға қажетті семинар-тренингтертер ұйымдастырылды, деп хабарлайды City04.kz.
Семинарға қоғамдық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, азаматтық белсенділер, бастамашыл топтардың өкілдері қатысты. 24-26 шілде күндері – "ҮЕҰ және қазіргі азаматтық қоғам", "Жобаны әзірлеу және басқару", Фандрайзинг" (жобаға ақшалай қаражат тарту), "Командада жұмыс істеу", "Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту", "Жобаны бағалау және Мониторинг" тақырыптарында тренингтер өтті. Тренингтерді тәжірибесі бар қоғамдық ұйымдарының басшылары өткізді.
Олардың қатарында "Равный-Равному" қазақ қауымдастығының басшысы, халықаралық сарапшы, консультант, ментор Сағынғали Елькеев және «СМЕДА» "Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі агенттігі" ҚҚ құрылтайшысы, "АРГО" Азаматтық қоғамды дамыту Қауымдастығы Басқармасының мүшесі, сертификатталған бизнес-кеңесші, коммерциялық емес ұйымдарды дамыту саласындағы кеңесші және жаттықтырушы, агрошаруашылық ғылымдарының кандидаты Абый Мырхин.
Мысалы, жобаны жүзеге асыруға ақшалай қаражат тарту бойынша тренинг кезінде жаттықтырушы Сағынғали Елкеев әлеуетті демеушілермен кездесу кезінде ҮЕҰ басшыларының өзін қалай ұстау керектігін айтты. Атап айтқанда, демеушімен тең сөйлесу керек, мәселенің мәні туралы айтып, мәселені шешу бойынша өз бағдарламасын ұсыну қажет.
- Кәсіпорын басшысына алдын ала дайындалған жоба портфолиосымен, визит карточкасымен бару керек. Сондай-ақ, сіз осы мәселені зерттеп, зерделеп, сондай-ақ оны шешу бойынша жүйелі шараларды ұсынуға дайын екеніңізді көрсету қажет. Сонымен қатар, демеушіге де көмек көрсету туралы ойлану маңызды, - дейді С. Елкеев.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:36
19 ноября
14:50
19 ноября
14:45
19 ноября
15:20
15 ноября
13:56
15 ноября
Объявления
15:32, 26 ноября
13
00:42, 24 ноября
15:32, 26 ноября
119
live comments feed...
Комментарии